• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №507 

237 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 31 тамыз ,Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: «орталық аппараттың функциялары:»: мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын: «129-1) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағи­даларын бекіту;»; 139) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «139) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;»; 140) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 143-1), 143-2), 143-3), 143-4); 143-5) және 143-6) тармақшалармен толықтырылсын: «143-1) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсау­лығының жай-күйі туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту; 143-2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алалардың және бала­ларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін калыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту; 143-3) Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту; 143-4) қабылдаушы ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және мөлшерін бекіту; 143-5) Бала қонақтайтын отбасылар туралы ережені бекіту; 143-6) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту;»; «ведомстволардың функцияларында:» 47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылардың мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;»; мынадай мазмұндағы 47-1), 47-2), 47-3) және 50-1) тармақшалармен толықтырылсын: «47-1) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуден өткізу; 47-2) бала асырап алу жөніндегі агенттік өкілдігін аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді, аккредиттеу мерзімін ұзарту (ұзартудан бас тарту), бала асырап алу жөніндегі филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызмет етуін тоқтата түру, қызмет етуін қайтадан қолданысқа енгізу және тоқтату туралы дәлелді шешімдерін беру; 47-3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабыл­дауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру мен пайдалану бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының қызметін үйлестіру; 50-1) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу бойынша қызметін үйлестіру;». 2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ